Жарнама
Экономика

Ипотека теңгеге ауыстырылады

 

Ұлттық банк доллармен алынған ипотекаларды теңгеге ауыстырғалы жатыр. Оның себебі Ұлттық банктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада белгілі болды.

c5837262b25b0345730f44db9990168a

Биылғы жылдың 27 наурызында Ұлттық банктің басқармасы 2015 жылғы сәуірде қабылданған Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер мен толықтыруларды бекітті. Атап айтқанда, бағдарламада жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін теңгемен алынған валюталық ипотекалық қарыздарын Ұлттық банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша қайта қаржыландыру көзделеді. Валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға Ұлттық банктің есебінен 150 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінген. Осылайша, банктер қарыздарды қайта қаржыландырған кезде 136 млрд. теңгеден астам сомаға сыйақы, өсімпұл (тұрақсыздық айыбы), комиссиялар бойынша қарыз алушылардың берешегін кешіретін болады.

– Бағдарламаны жүзеге асыру банктердің портфельдеріндегі шетел валютасында берілген ипотекалық қарыздарды жоққа шығарып, халық үшін келешекте валюталық тәуекелдің алдын алады, — дейді Ұлттық банктің басқарма бастығы Александр Терентьев.

Банктердің валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2018 жылғы 30 желтоқсанда, қарыз алушының қарызды қайта қаржыландыруға өтініш беру мерзімі 2018 жылғы 15 желтоқсанда аяқталады. Қарыздың бағдарлама талаптарына сәйкестігін анықтау үшін қарыз алушылардың кредитор банкке өтініш беруі қажет.

Бек Айдарәли

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button