Жарнама
Экономика

Инвестиция тарту саласында жүйелі шаралар қажет

Биыл қаңтар–маусым айларында Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында бірқатар көрсеткіштер бойынша оң және тұрақсыз үрдістер байқалды. Облыстық экономика және қаржы басқармасының мәліметіне сәйкес, аталған кезеңде негізгі капиталға 656,3 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып, нақты көлем индексі 68,0%-ды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда төмен екенін көрсетеді. Инвестиция көлемінің төмендеуіне бірқатар ірі жобалардың аяқталуы және жаңа инвестициялық жобалардың іске қосылуының баяулауы әсер етті. Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 246,0 млрд теңгені құрады немесе нақты көлем индексі 62,7%-ды көрсетті. Дегенмен тұрғын үй құрылысы саласында оң динамика байқалды. Есепті кезеңде облыста 257,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,4%-ды құрайды. Аталған өсім тұрғындар сұранысының жоғары болуы мен мемлекеттік қолдау шараларының тиімді жүзеге асуына байланысты. Сауда саласында да тұрақты өсім байқалады. Биыл алты айының қорытындысы бойынша сауда көлемі 3 450,4 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 105,1%-ды көрсетті. Бұл көрсеткіш ішкі тұтыну сұранысының сақталуы мен кәсіпкерлік белсенділіктің артуын айғақтайды. Жалпы алғанда, облыс экономикасында тұрақты даму үрдісі сақталып отыр, дегенмен кейбір салаларда байқалған баяулау ахуалды тұрақтандыру мен даму қарқынын арттыру бағытындағы шаралардың жалғасуын қажет етеді.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button