Жарнама
Экономика

КІРМЕЖОЛДАР КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Өндірісті өңірлер саналатын Құрманғазы, Исатай және Мақат аудандарының орталықтарына қатынайтын облыстық маңызы бар жолдар жаңғыртылады.

  • Қазіргі уақытта осы жоба бойынша салынуы жоспарланған кірме жолдарға (Аққыстау ауылына — 0,8 шақырым, Құрманғазы ауылына — 0,975 шақырым, Мақат ауылына — 0,453 шақырым) қатысты атқарылатын жұмыстардың жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп, оң бағасын алды. Бұған қоса, осы жобаларды техникалық жағынан қадағалаушы мекемелер де анықталып отыр, — деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ержан Хайноллаев.

Оның айтуынша, енді мемлекеттік сатып алулар заңнамасы талаптарына сәйкес, жобаны жүзеге асыратын, яғни ққрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін мердігер кәсіпорындарды веппортал арқылы анықтау процесі жүргізілуде.

.Білгеніміздей жаңғыртылатын барлық жолдардың негізгі қабаттары тегістеліп, жаңадан асфальт төселеді. Жол белгілері мен құбырлар жаңғыртылып, жиектері фрещерленген материалдармен
нығайтылады.


Сарапшы-мамандардың пайымдауынша, жол инфрақұрылымын жақсартып заман талабына сәйкестендіру мақсатындв жасалынып мұндай қадамдар көлік қозғалысын жетілдіріп, жолдың сапасын сақтай отырып, қауіпсіздігін арттыруға оң ықпалын тигізеді.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button