
Ядролық энергетика саласына қажет кадрлады даярлау әлеуеті күшейеді
Президенттің атом энергетикасы бойынша екінші, тіпті үшінші станция салу қажеттігі жөніндегі мәлімдемесі – еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуына бағытталған стратегиялық бастама.
Қазақстанның энергияға деген сұранысы жыл сайын артып келеді. Бұл жағдайда атом энергетикасы – тұрақты әрі сенімді қуат көзі ретінде «таңдау емес, қажеттілікке» айналып отыр. Атом станциялары тек энергия өндіру міндетін шешіп қана қоймайды, сонымен бірге жаңа технологиялар трансферін қамтамасыз етіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға, білікті мамандар даярлауға және өндірістік әлеуетті арттыруға зор мүмкіндік береді.
Атом станциялары тек энергия өндіру міндетін шешіп қана қоймайды, сонымен бірге жаңа технологиялар трансферін қамтамасыз етіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға, білікті мамандар даярлауға және өндірістік әлеуетті арттыруға зор мүмкіндік береді.
Осы орайда Атырау мұнай және газ университеті энергетика саласындағы мамандарды даярлауда өз үлесін қосып келеді. Университет базасында ашылған оқу-өндірістік полигон студенттерге тек дәстүрлі мұнай-газ саласы бойынша ғана емес, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті қолдану арқылы жаңа өндірістік процестерді игеруге мүмкіндік береді.
Болашақта университет ядролық энергетика саласына қажет инженерлік кадрларды даярлау, ғылыми жобаларды жүзеге асыру және халықаралық серіктестермен бірлескен зерттеулер жүргізу бағытында да әлеуетін күшейте алады. Бұл – еліміздің энергетикалық тәуелсіздігіне қосылған маңызды үлес болмақ.
Сонымен қатар, мұндай жобалар Қазақстанның халықаралық әріптестік аясын кеңейтуіне ықпал етеді. Ең бастысы – энергетикалық дербестік пен ұлттық мүдделерді сақтап қалу. Президент атап өткендей, бұл қадамдар еліміздің геосаяси тұрақтылығын нығайтып, энергетикалық теңгерімділігін қамтамасыз етеді.
Қорытындылай айтқанда, атом энергетикасын дамыту – Қазақстанның жаңа индустриялық серпін алуына, жасыл әрі қауіпсіз энергетикалық болашақты құруына негіз болады деген сенімдеміз.
Гүлсара ЖАМАНБАЕВА,
С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Индустриалды технология факультетінің деканы