Жарнама
ЭкономикаҚоғам

«Газдың үстінде» газсыз отыр

Мұнай мен газдың «үстінде отырған» Атырауда автогаз тапшы. Қазір көлік жүргізушілері бекеттерде ұзын-сонар кезекте тұр. «PROMGAZ BP» ЖШС БАС директорының орынбасары Асқар Мұстафиннің айтуынша, ай сайын мұнайлы өлкеге бөлінетін сұйық газдың көлемі жеткіліксіз. Жалпы, мұндай жағдай еліміздің барлық өңірінде бар.

Бүгінде мұнайлы өлкеде сұйық газдың бір литрі – 54 теңгеден, облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан аумақта 59 теңгеден сатылады. Жанар-жағармайға қарағанда автогаз бағасы әлдеқайда арзан болғандықтан, тұтынушылар қатары күн сайын артып келеді. Ал, республикадан бөлінетін мөлшер қажеттілікті өтей алмайды. Соның салдарынан, сұйытылған газға тапшылық туындаған.

 – Біз айына 3500 тонна сұйық газ сұраймыз, алайда, 2200-2400 тонна ғана беріледі. Айталық, қараша айының бітуіне санаулы күн қалды. Ал, қазір екі күнге жететін қор бар,- дейді «PromGaz BP» ЖШС бас директорының орынбасары Асқар Мұстафин.

 Оның айтуынша, бүгінде өңірде «PromGaz BP» ЖШС-нің 23 бекеті жұмыс жасайды. Соның 13-і облыс орталығында орналасқан екен. Ал, облыста ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен жадбықтаушы жалпы 33 мекеме бойынша 105 автогаз құю бекеті бар. Энергетика министрлігінің тоқсан сайынғы жеткізу хаттамасына сәйкес, мұнайлы өлкеге қараша айында 6066 тонна сұйытылған мұнай газ бөлінген.

Сондай-ақ, қажеттіліктің алдыналу мақсатында министрліктен қосымша 1020 тонна газ бөлініп, бүгінде газ жабдықтаушы мекемелер тасымалдап отыр. Жалпы, облыста газге қажеттілік 10 000 тоннаға жеткен.

Айбөпе САБЫРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button