«Атырау-Астрахан»: Депутат жол құрылысын жеделдетуді сұрады

8280d6df20eefdc913ec4ce1acce4bb6 1280x720 1 Қоғам

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов Премьер-министр Әлихан Смаиловқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

– Атыраулықтар проблемаларын үнемі шешуді сұрайтын өзекті нысандардың бірі-Атырау-Астрахан автотрассасы. Бұл мәселе қауіпсіздікті қамтамасыз етуге де, елдің көліктік-логистикалық әлеуетін дамытуға да тікелей қатысы бар. Осы жылы қаржыландырудың жеткіліксіздігінен және инертті материалды жеткізудегі мәселелердің кесірінен жұмыстың белгіленген мерзімде аяқталмай қалу қаупі бар екеніне көз жеткізіп отырмыз. Алдын ала мәліметтер бойынша қайта жаңарту жобасы құнының өсуі 43,8 млрд. теңгені құрайды. Несие бойынша 23,1 млрд теңге үнемдеу бар екенін ескерсек, жобаны аяқтау үшін республикалық бюджеттен тағы 20,7 млрд тенге қажет болады.

Сонымен қатар вагондар санының мәселесі өткір тұр. Еліміздің батыс өңірінде қазір көптеген нысандар іске асырылып жатқаны түсінікті, бірақ бұл олардың сапасыз және уақтылы жүзеге асырылуына себеп болмауы керек. «Атырау-Астрахань» жобасы үшін ағымдағы жылы қиыршық тасқа сұраныс 1 583 мың тонна немесе 22 943 вагон болса, бүгінгі күні шамамен 488,4 мың тоннасы немесе 7 087 вагон тасымалданды. Бұл дегеніміз бар жоғы 31%. Қиыршық тасты дайындау қарқынын арттыру және ағымдағы жылы қозғалыстың ашылуын қамтамасыз ету үшін қосымша кемінде 4 құрамды тарту қажет және құрам айналымының уақытын қазіргідей 8-10 күннен 6-7 күнге дейін қысқарту қажет.

Бүгінгі күні Атырау-Доссор бағытында тәулігіне 7 мың көлік қатынаса, Атырау-Астрахань жол учаскесінде қазірдің өзінде күніне 7 мың көлік жүріп өтеді. Ал жол жөндеуден өткеннен кейін көлік саны 10-12 мыңға дейін жетеді деген болжам бар. Сондықтан, өткізу қабілеттілігін арттыру және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қозғалыс қарқындылығының артқанын да ескере отырып, қазірдің өзінде «Атырау-Досор» және «Атырау-Астрахань» тас жолдарын бірінші техникалық санатқа реконструкциялау қажеттілігі туындап отыр. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 8 қарашадағы Атырау облысына сапары барысында «Атырау-Доссор» автожолының учаскесін үшінші техникалық санаттан бірінші санатқа ауыстыру туралы тапсырма берілген болатын. Алайда осы күнге дейін тапсырма орындалған жоқ.

Қазақстан Республикасында көлік құралдарын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін негізгі элемент мемлекеттік тіркеу нөмірлері болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жазаның қатаңдатылғанына қарамастан, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін ішінара немесе толық жасыру және пайдалану фактілері бар. Бұл фактілер ұлттық қауіпсіздік аясында көлік құралдарын анықтауды, көлік құралдарын іздеу процесін және басқа да процестерді қиындатады. Мысалы, БАӘ, Түркия, Қытай, Малайзия сияқты әлемнің көптеген елдерінде нөмірлерге радиожиілік белгілерін (RFID – Radio Frequency Identification, радиожиілік сәйкестендіру) енгізу технологияларын қолданады, бұл көлік құралдарын анықтау мүмкіндіктерін айтарлықтай арттырады.

Бұл технологияны мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің қолданыстағы өндірісіне енгізуге мүмкіндік бар. Оны қолдану дебиторлық берешекті азайтады, өйткені көлікті тану 98%-ға дейін артады, ақы алу дұрысырақ болады, көліктерді ұрлау және қылмыстық мақсатта пайдалану азаяды. Жоғарыда айтылғандардың негізінде халық қалаулысы бірқатар ұсынысты алға тартты.

«Алдымен, «Атырау-Астрахань» тас жолының құрылысын тез аяқтау мақсатында инертті материалдарды жеткізу үшін вагондармен қамтамасыз ету шараларын шұғыл ұйымдастыру қажет. Содан соң, «Атырау-Астрахань» автожолын қайта жаңарту жобасын қаржыландыру мәселесін тез арада шешу керек. Сондай-ақ, «Атырау-Доссор» және «Атырау-Астрахань» автомобиль жолдарының учаскелерін бірінші техникалық санатқа ауыстыру бойынша нақты шаралар қабылдаған жөн. Ақыры, мемлекеттік тіркеу белгілерінде РФИД технологиясын қолдану бойынша жұмысты ұйымдастыру қажет» деді Д.Нұрбайұлы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз