Жарнама
Экономика

Енді бензин лимитпен сатылады

Қазақстанда бензин сатуға лимит бекітілуде. Арнайы құжат 17 мамырдан бастап күшіне енеді.

Ресми дереккөздерінен алынған ақпараттарға қарағанда, қазақстандықтарға «АИ-92» бензині мен дизель отыны бұдан былай да бұрынғы бағамен сатыла береді.

Бір ескерер жайт, мұнда жеңіл автокөліктер үшін тәулігіне – 100, ал жүк көліктеріне 300 литрге дейін лимит сақталады. Бензин бәсі шетелдік көлік жүргізушілері үшін 205-тен 245 теңгеге қымбаттап, керісінше дизель отынының құны 450-ден 315 теңгеге арзандайды.

Сарапшылардың түсіндіруінше, бензин бағасының бұлайынша көтерілуі оның көршілес елдерге заңсыз жолмен, яғни рұқсатсыз шығарылуына байланысты болып отыр. Айталық, жеке тасымалдаушылар Қордай кеден бекеті арқылы Қырғызстанға бір реттің өзінде 100-150 литр бензинді алып шығады екен. Мұндай операциялар тәулігіне әлденеше рет қайталанады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, жыл басынан бері жалпы көлемі 130 мың литр жанар-жағармайды заңсыз жолмен тасымалдаудың 900 дерегі тіркеліп, жалпы көлемі 130 мың литр бензин еліміздің аумағынан сыртқа шығарылған. Нақтылай кетсек, бір жолғы тасымалдың өзінде 144 литр бензин (сомасы 35 мың теңге) еліміздің аумағынан шетке шығарылып тұрған. 

Ал дизель отыны бағасының төмендеуінің де өзіндік себебінің бары белгілі болды. Атап айтқанда, биыл дизель отынының қорын жасақтау жөнінде рекордтық межеге (600 мың тоннадан астам) қол жеткізіліпті. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары көрсеткіш көрінеді. Соның өзінде де, рубль мен теңге бағамының арасындағы айырмашылыққа байланысты біздегімен салыстырғанда, көрші елдегі дизель отынының көтерме бағасы арзандау болып отыр.

Айтпақшы, жанармай бағасындағы өзгерістер, яғни бензин мен дизель отынының сатылуы бойынша белгіленген лимит 2024 жылдың 17 мамырынан бастап күшіне енеді.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button