«ӘДЕМІ» НӨМІРЛЕРДІҢ ҚҰНЫ ҚАНША?

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі №195-V Қазақстан Республикасы Заңымен мемлекеттік баждың көтеріңкі сұраныс ставкаларын бекіту бойынша Салық Кодексінің 540-бабы 9) тармақшасына келесі мөлшерінде толықтырулар енгізілді.

Яғни, автокөлікке цифрлық белгіленуі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін (мемлекеттік баж мөлшері 280 пайызды құрайтын, мемлекеттік органдардың қарамағындағы көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда) бергенi үшiн – 13 700 пайыз (1 АЕК= 1 852 тг * 137 = 253 724 тг);

Автокөлікке цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін (мемлекеттік баж мөлшері 280 пайызды құрайтын, мемлекеттік органдардың қарамағындағы көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда) бергенi үшiн – 22 800 пайыз (1 АЕК =1 852 тг * 228 = 422 256 тг).

Аталған Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі (Жариялануы: «Егемен Қазақстан» 2014 жылғы 19 сәуір №76 (28300)), яғни 2014 жылдың 20 қазанынан.

Елена Рушанова,

Атырау облысы бойынша

салық департаментінің бас маманы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз