Жарнама
Экономика

Емтихан тапсырып, маман атанды

Мұнайлы өлкеде болашақ электрмонтажшы мен бағдарламашылар, дәнекерлеушілер біліктілікерін дәлелдеп, өндіріске әзір екендіктерін байқатты. С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінде кәсіби құзыреттілігін бағалауға арналған демонстрациялық емтихандар өткізілді.

Сындарлы сәтте ІІІ курс стдуенттері WorldSkills халықаралық стандарты бойынша жасақталған модульдік тапсырмаларды орындады. Колледждің арнайы пән оқытушысы Нұрай Ысқақованың айтуынша, емтихан барысында жастар теориялық білімдер мен практикалық дағдыларының кәсіби стандарттарға сәйкестігін көрсетеді. Яғни, оларға халықаралық үлгідегі Skillshassport табысталады. Бұл құжат келешек мамандардың нақты өндірісте жұмыс істеуге әзір екендіктерін көрсетеді. Ең бастысы, студенттердің дайындықтарына жұмыс берушілер баға береді. Caspian Radio Services ЖШС ақпараттық технология маманы Алмаз Алтай атап өткендей, болашақ бағдарламалық кешен операторларына жан-жақты тапсырмалар ұсынылды. Соның ішінде, сайт жасау да жүктелген. Осындай сыннан сүрінбей өткен жастар кез-келген мекемеде өз мамандығы бойынша жұмыс істей алады. ПОа-23 студенті Аян Бергенұлының пікірінше, бұл емтихан — білім деңгейін сынайтын сәт қана емес, болашаққа бастар жол. «Біліктілігімізді дәлелдеп шықсақ, біз мамандығымыз бойынша жұмысқа орналасамыз»,-дейді ол.

Ал «Атырау Жарық» АҚ метрология қызметінің бастығы Қайрат Атыхановтың айтуынша, қазір еңбек нарқында электрмонтажшыларға сұраныс жоғары.

–Болашақ мамандардың теориялық білімімен қатар тәжірибесі болуы маңызды.  Осындай емтихандардан олардың өндіріске әзірлігін байқаймыз. Айталық, еңбек қауіпсіздігін сақтау үшін олардың арнайы қолғап киюінен бастап тоқтарды жалғап білуіне дейін бағасын береміз, — дейді Қ.Атыханов.

Мұндай шара қоғамда кәсібитехникалық білімге деген көзқарасты өзгертіп, жастарды сұранысқа ие, еңбек нарығына қажетті мамандықтарды игеруге ынталандырмақ. Бұл жолы екі сала бойынша 70-тен астам студент бақтарын сынады.

Айбөпе САБЫРОВА

Суреттерді түсірген автор   

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button