Жарнама
Экономика

Еліміздегі ең ірі 10 салық төлеуші компания белгілі болды

Energy Monitor қоғамдық қорының мәліметінше, былтыр еліміздегі ең ірі 10 салық төлеуші компания қазынаға 5,9 трлн. теңге аударған. Бұл – жалпы салық түсімінің 25,3%-ы. Әдеттегідей, мұнай-газ және банк секторындағы компаниялар көш бастап тұр.

ТОП-10 ірі салық төлеуші:

1. «Теңізшевройл» ЖШС – 3 056 млрд. теңге

2. Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг (КПО) – 1 146 млрд. теңге

3. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ – 304 млрд. теңге

4. «Қазақстан Халық банкі» АҚ – 250 млрд. теңге

5. «Азиялық газ құбыры» ЖШС – 225 млрд. теңге

6. KAZ Minerals Aktogay ЖШС – 215 млрд. теңге

7. NCOC – 211 млрд. теңге

8. «Өзенмұнайгаз» АҚ – 180 млрд. теңге

9. Шымкент мұнай өңдеу зауыты – 179 млрд. теңге

10. «Ембімұнайгаз» – 167 млрд. теңге

Бұл компаниялар еліміздің экономикалық дамуына елеулі үлес қосып, мемлекеттік бюджеттің негізгі донорлары болып табылады.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Сурет: Globalnews

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button