Елімізде жарықтың бағасы өспек
Қазақстанда күз мезгілінен бастап электр энергиясы қымбаттайды.
Мұны Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Тимур Қосымбаев хабарлады.
Еске сала кетейік, 1 шілде күні коммуналдық қызметтердің тарифін көтеруге тыйым салған мораторийдің мерзімі аяқталған еді. Содан бастап монополистер мемлекеттік органдарға тарифті көтеру туралы өтініштер жібере бастады. Оның ішінде электр энергиясының бағасын өсіру де бар. Ал коммуналдық қызметтерге мораторий қолданылған кезеңде тұрғындар үшін электрмен жабдықтау қызметтеріне үнемдеу 840 млн теңгені құрады.
Бірақ министрліктегілер әрбір өңір бойынша әлеуметтік-экономикалық жағдайға мұқият талдау жүргізіледі деп сендіріп отыр. Сондай-ақ, «тариф көрсеткіші инфляция деңгейінде болуы керек» дейді олар.