Елімізде қозғалтқыш көлемі аз көліктер салықтан босатылуы мүмкін

22222222 Экономика

Биыл жанармай бағасы 2 есе өсіп, көлік иелерінің шығыны артты. Осыған байланысты жүргізушілерді қолдау шарасы қажет. Ұлттық экономика министрлігі жариялаған жаңа Салық саясатының консультативтік құжатында осылай жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ол әсіресе «эконом» класты көлігі бар адамдар үшін айтарлықтай сезіледі. Сәйкесінше олардың әлеуметтік және материалдық жағдайының нашарлауына жол бермеу шаралары қажет. Осыған байланысты қозғалтқыш көлемі үлкен автомобильдерге салынатын салықты сақтай отырып, қозғалтқыш көлемі аз көлік құралдарына салынатын салықты жою ұсынылады», – деп Ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексінің консультативтік құжатында ұсыныс жазған.

Аталған шаралар 2024 жылдың қазан айында жаңа Салық кодексін қабылдау кезінде ескеріледі. Сонымен қатар министрлік жылжымайтын мүлік салығының жүйесін қайта қарауды сұрап отыр. Ведомство дерегінше, қазір салық салынатын жылжымайтын мүліктерді бағалау қағидасы нысанның құнын нарықтық бағаға сәйкес анықтауға мүмкіндік бермейді.

Бұған қоса Ұлттық экономика министрлігі қазақстандықтардың меншігінде қанша яхта мен ұшақ бар екенін жария етті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз