Жарнама
Экономика

Елдің 10 айдағы экономикалық өсімі 4,9% болды

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қаңтар-қазан айларында Қазақстан экономикасы 4,9% өсім көрсеткенін мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

«Қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,9% болды. Оның ішінде нақты сектор – 3,8%, ал қызмет көрсету саласы – 5,4% өсті. Салалар арасында ең жоғары өсуді құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс, сондай-ақ көлік көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,6% болды. Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 58%, денсаулық сақтауда – 40%, саудада – 38%, білім беруде – 18%, ауыл шаруашылығында – 8,7%, өнеркәсіпте – 8,3% өсті», — деді министр.

Әлібек Қуантыров өңірлер арасында ең жоғары өсім Маңғыстау, Абай, Түркістан және Павлодар облыстарында байқалғанын атап өтті.

«Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте сыртқы сауда тауар айналымы 2,4% өсіп, 102 млрд долларды құрады. Экспорт 57 млрд-тан астам долларды құрап, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 18 млрд долларға жетті. Тауарлар импорты 44 млрд-тан астам долларды құрады. Жалпы, оң сауда балансы 13 млрд долларға тең», — деді Ұлттық экономика министрі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button