Жарнама
Экономика

Еділ Жаңбыршин ҚҚС көтеру туралы: Көп бизнес жабылып, көлеңкеге кетуі мүмкін

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин елімізде қосылған құн салығы шегін көтеруге қатысты шешімді жан-жақты талқылап барып қабылдау керектігін айтты, — деп хабарлайды kaz.inform.kz.

– Бизнес өкілдерімен, ассоциациялармен ақылдасу керек, артық қыламыз деп тыртық қылып алмауымыз керек. Жан-жақты талдап алып, шешім қабылдау қажет. Бір жағынан бизнесті өлтіріп алмауымыз керек, екінші жағынан бизнестің ашық жұмыс істеуін қамтамасыз етуіміз қажет, — деді Еділ Жаңбыршин Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Депутаттың айтуынша, бюджеттің де толуын ұмытпаған жөн.

–Осы мәселелер бойынша бір консенсусқа келуіміз керек, ертең көп бизнес жабылып немесе көлеңкелі бизнеске кетіп қалуы мүмкін. Кейбір бизнес өкілдері өз кәсібін бөлшектеуі де мүмкін, — деп толықтырды халық қалаулысы.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдері Еділ Жаңбыршиннен «Қосылған құн салығы шегін 20%-ға көтеру бастамасын қолдайсыз ба?» деп сұрады.

– Қиын мәселе. Менде бизнеспен жұмыс істедім, 12-ден бірден 20-ға көтеру бизнеске қиындау болуы мүмкін, — дейді ол.

Кеше ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Серік Жұманғарин Үкіметтің кеңейтілген отырысында неліктен қосылған құн салығы шегін көтеру қажеттігін түсіндірді.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) айналасындағы дау-дамайға қатысты пікір білдірген еді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button