Жарнама
Экономика

ДҰРЫС ШЕШІМГЕ ДӘН РИЗАМЫЗ

 

Бұл ретте Елбасы жоспарлы тексеру тәжірибесі қолға алынатынын айтты. Яғни, бұдан былай мемлекеттік органдар президент әкімшілігімен келісе отырып, тексерулерді анықтаудың объективті, әлемдік стандарттарға сай келетін жүйесін жасамақ. Сол жүйеге сәйкес, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңнамаларды бұзу ықтималдығы жоғары кәсіпкерлер ғана тексерілетін болады. «Егер кәсіпкер заңның барлық талабын орындайтын болса, тексеруші органдар оған мүлдем келмеуі тиіс», — деп Елбасы мемлекеттік органдарға қатаң ескерту жасаған-ды.

-Мен былтырдан бері қоян және тауық өсіру кәсібімен айналысып келемін. Кәсіпкерлерге мемлекетіміздің жасап отырған барлық қолдауы бізді қуантады. Ал Елбасымыз жариялаған мораторийдің ықпалы қазірдің өзінде білініп жатыр. Ешкім бізді жөнсіз тексермейді. Өйткені, тиісті салық түрлерін уақытылы төлеп тұрамыз. Өзің тәртіпті болсаң, мемлекеттік органдардың сеніміне ие боласың. Қазір біздің жұмысымызға ешкім кедергі келтіріп жатқан жоқ. Елбасымызға зор ризамыз.

Айтпақшы, Елбасы тексерулер жүргізу форматын қайта қарау туралы да айтқан еді. Мұндай жағдайда кәсіпкерлерге қойылатын талаптар саны 30 пайызға қысқармақ.

Сапура Қадырғалиева,
жеке кәсіпкер,
Мақат ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button