Жарнама
Шаһар шырайыЭкономика

Бюджет қаражаты – мақсатты межеге!

Бір қуанарлығы – Атырауда жергілікті бюджет қаржысының қайтарымды жұмсалып жатқандығы. Бұл туралы республикалық кеңесте де айтылды.  Ал, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғайша ӘБЕЖАННЫҢ қатынасуымен «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте кейбір түйткілді мәселелер де сөз болды.

Бюджет қаражаты – мақсатты межеге!

Басқарма басшысы облыстың биылғы жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды. Өнеркәсіп өнімінің жалпы құны 2,5 трлн. теңгені құрап, былтырмен салыстырғанда едәуір өскен.

Қаржылық дағдарыс қаншалықты қыспаққа алғанымен, аймақта инвестиция көлемі де, құрылыс қарқыны да жаман емес. Қолдағы дәйектер олардың өткен жылдан төмен түспегенін көрсетеді.  Шағын және орта кәсіпкерлік саласы да қалыпты дамуда. Бүгінде осы бағыттағы 47 554 нысан 121,4 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Нәтижесінде, өндірілген өнім  көлемі 181,5 млрд. теңгеге жетті. Бизнестің бұл бағытта дамуы жұмыссыздық деңгейінің тым көтеріліп кетпеуіне әсер етуде. Қазір ол 4,9 пайызға тең. Жергілікті атқарушы биліктің пәрменді әрекеті  нәтижесінде тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтудың нақты шаралары алынуда.

Биылғы алты айда инфляция деңгейі 5,8 пайызды құрады. Әдетте, оның өсімі негізінен азық-түлік және өзге де күнделікті тұтынатын тауарлардың қымбаттауымен байланысты.

«Дипломмен – ауылға!» жобасы бойынша 2009-2015 жылдары 392 маманға 843,5 млн. теңге көлемінде несие берілді. Бұл іс биыл да жалғасын тауып, 40 маманға 127,2 млн. теңге несие беру жоспарланды.

Жалпы, әкімдік қызметтің тиімділігі бойынша республикада 92,20 баллмен Атырау аймағы көш бастады.  Бұл да – биылғы өткен мерзімнің ауыз толтырып айтарлық жетістігі. Әйтсе де, облыстық экономика және бюджеттік жопарлау басқармасының басшысы Нұрғайша Әбежанның айтуынша, кейбір кемшіліктер де жоқ емес.  Мәселен, өнеркәсіп өнімінің көлемі Атырау қаласы мен Қызылқоға ауданынан басқа жерлерде біраз азайған. Ауыл шаруашылығының өнімдері Құрманғазы мен Мақат аудандарында күрт кеміген. Индер, Мақат және Махамбет аудандарында инвестиция тарту жағы анағұрлым төмендеген. Құрылыс жұмыстары Исатай мен Махамбетте азайған, Индер мен Құрманғазыда жүргізілмеген.

Амандық  САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button