«БОЛАШАҚТЫҢ» БОЛАШАҒЫ НЕШІК?

эkonomhab Экономика

Атырау облысындағы «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында «Қашаған» мұнайын дайындау ісі тоқтап тұр.

Бұған қондырғының өндіріс алаңындағы газ құбырының ақауы себеп болыпты. Айта кетейік, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі «Қашаған» кен орнынан өндірілген мұнай құбыр арқылы «Болашаққа» жеткізіледі. Мұнда мұнай құрамы газ бен күкірттен тазаланып, экспортқа дайындалады. Ал, «Болашақта» мұнай дайындау 3 тамызда тоқтатылды. Бұны Солтүстік Каспий жобасының операторы – «Қашаған» мұнайын игеріп жатқан NCOC компаниясының сыртқы қарым-қатынастар бөліміндегі мамандар да растап отыр.

«3 тамызда өндіріс алаңында газ кету белгілері анықталуына байланысты «Болашақтың» жұмысы қауіпсіз жолмен тоқтатылды. Стандартты процедураларға сәйкес газ белгі берушілерінің іске қосылуына байланысты қондырғылардағы қысым алау жүйесі арқылы түсірілді. Бұл адамдардың денсаулығына зиян келтірген жоқ. Батыс Ескенедегі экологиялық мониторинг жүргізу стансалары ластаушы заттардың шекті рауалы мөлшерден асқан шығарындыларын көрсеткен жоқ. Өндірістік операцияларды қайта бастау жұмыстары жалғасып жатыр» делінген хабарламада.

Өз тілшіміз

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз