Жарнама
Экономика

Бизнеске оқыту басталды!

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік бағытта алғаш рет онлайн оқыту басталды.

2022 жылғы 25 шілдеден бастап «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде алғаш рет кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жаңа форматта қолжетімді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өз ісін бастауды жоспарлап жүрген  атыраулықтар енді Skills.enbek.kz платформасы арқылы онлайн режимде бизнес жүргізу үшін базалық білімін жетілдіре алады.

«Бастау Бизнес» жобасы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба арқылы азаматтардың бизнес-бастамаларын қолдаудың мемлекеттік шаралар кешені шеңберінде іске асырылады.

Оқу курсына жазылу үшін Business.enbek.kz порталда тіркеліп, оқыту шарттарының сәйкестігін автоматты тексеруден өту қажет. Шарттарға сәйкес болған жағдайда қатысушы Skills.enbek.kz платформаға өтіп, оқуға кірісе алады.

«Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту» онлайн курсына жұмыссыздар, ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер, зейнеткерлік жасқа жетпей жұмыстан қысқартылатын қызметкерлер, табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооперативтердің мүшелері қатыса алады.

-Оқыту 14 күнтізбелік күннен аспайды. Әр қатысушы курсты жеке-жеке меңгерумен айналысады. Оқу толығымен тегін.

Оқыту келесі кезеңдерден тұрады:
— бірнеше модуль бойынша онлайн оқыту курсы;
— қорытынды тестілеу;
— оқудан өткені туралы сертификат алу.

Оқу барысында пайдаланушы бірнеше сабақтардан тұратын 12 модульден өтуі керек. Әрбір модуль аяқталған соң аралық тестілеу өткізіледі. Келесі оқу модуліне өту үшін қатысушы тестілеуді тапсыру кезінде дұрыс жауаптардың кемінде 70%-ын жинауы керек, деді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мамбетов .

Айта кетейік,«Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту» онлайн курсынан өткен қатысушылар ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыруға грант алуға үміткер бола алады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button