
Бес айда – 175 мың тонна полипропилен
Өңірде полипропиленді ішкі нарыққа жеткізумәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Жыл басынан бері отандық полипропилен өңдеу нарығы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28%-ға өсіп, 21,3 мың тоннаға жеткен. Осылайша, KPI еліміз ішінде өз үлесін сенімді түрде арттырып келеді. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Өткен жылы компанияның сату көлемі бір жылда 22,9 мың тоннаны (нарықтың 57%) құраған болса, 2025 жылдың алғашқы жарты жылдығында зауыт 19 мың тонна өнім сатуды жоспарлапты. Бұл нарықтың 70 пайыздан астам үлесіне тең. Маусымдаұзақ мерзімді келісімшарттардың үлесі артуы есебіненөнімді ішкі нарыққа сату көлемі рекордтық деңгейгежетеді деп күтілуде.
Бұл өсім клиенттік базаның кеңеюіне байланыстымүмкін болып отыр. Бүгінде 130 қазақстандықкомпанияның 60-тан астамы КРІ-дан ай сайынполипропилен сатып алады. Аталмыш үрдіске KPI іскеасыратын, өңдеушілерді қолдау бағытталған «Форсаж» бағдарламасы да септігін тигізіп отыр. Тек мамырайының өзінде бұл бағдарламалар арқылы 340 тоннадан астам өнім жөнелтілсе, маусымда бұлкөрсеткіш 400 тоннаға жуықтайды деп жоспарлануда.
Бүгінде KPI өнімі Қазақстанда кеңінен қолданылып, қаптама, құрылыс материалдары, тоқыма және техникалық бұйымдар өндірісінде пайдаланылады. Ішкі нарықтан бөлек, қазақстандық полипропилен Қытай, Ресей, Түркия және Еуропа елдеріне де экспортталады.
Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ
Сурет: kmg.kz