Жарнама
Экономика

Балықшының болжамдары

Балықшы Алдамжар Жаманбаев туралы Құрманғазы ауданының тұрғындары арасында қызықты естеліктер көп. Ол көк теңіздің тереңінде желкенді қайықпен зулатып келе жатып, судың түсіне қарап, «Балықтың ұйығына кездестік, жық желкенді, шап ауды» дейді екен. Айтқанындай, сол жерден балықшылар қайықтарына балықты толтырып алады. Сол сияқты желкенді тептіріп қойып, ағып келе жатқан қайықтың төсінде суға шөңкі салып тұрып, оған соққан балықтың қандай екенін тап басып айыратын болса керек. Мұндайда «мына жерде сазанның ұйығы бар, ауды төгіңдер» десе, бірде «бұл табан екен, кідірмей-ақ қойыңдар» — дейді екен.

 Дайындаған:

Бағила САҒЫНДЫҚҚЫЗЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button