Жұмыспен қамтығандар зейнетақы жарнасын төлеуден босатылды

58 3 Жаңалықтар

Заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар салық агенттері ретінде «фрилансерлер» үшін жеке кіріс салығын төлеуі тиіс.

58-3-520x292

Қазақстанда фрилансерлердің біраз бөлігі зейнетақы жарнасын төлеуден босатылды. Жалдамалы жұмысшы ретінде еңбек етіп, азаматтық-құқықтық шарт бойынша қызмет атқаратын азаматтар зейнетақы жарнасын төлеуден босатылды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлайды. Азаматтық-құқықтық шарт бойынша істейтін жеке тұлғалар үшін заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар зейнетақы жарнасын төлейтін болады. Олар салық агенті ретінде «фрилансерлердің» жеке кіріс салығын есептеп, төлейді.

Азаматтық-құқықтық шарт жасасқандар өз пайдасына міндетті зейнетақы аударымдарын жасауға құқылы. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоттары автоматты түрде ашылып отырады, деп мәлімдеді еңбек министрлігі. Жаңа салымшылар үшін шот БЖЗҚ-ға түскен алғашқы жарна негізінде ашылады. Тиісті ережелерге өзгертулерді 2019 жылдың алғашқы тоқсанында енгізу жоспарланған.

Желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев халықты жұмыспен қамту туралы заңға енгізілген түзетулерге қол қойды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтушы қазақстандықтар бірыңғай жиынтық төлем жасауға міндетті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз