Экономика
БАЛАЛАРДЫ САҚ БОЛУҒА ҮЙРЕТТІ
Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті және «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткен шарада департаменттің төтенше жағдайларды жою бөлімшесінің бас маманы Сақыпжамал Ізмұханова тәрбиеленушілерге терроризм туралы және оған қарсы қалай әрекет ету қажеттігі жөнінде слайд көрсетті.
Сондай-ақ, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалының психолог-кеңесшісі Светлана Серікбаева психоэмоционалдық күйзелістен арылуға бағытталған ойындар ойнатты.
Балалар үйінің басшылығы ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, жаттығулар балалардың тәжірибелік дағдыларға үйренуге септігін тигізетіндігін айтты.
Мұндай тренинг одан әрі «Атырау Сервис» колледжінде жалғасты.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.