Бұл – сенің бастамаң!
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы дәстүрге айналған «Менің бастамам» әлеуметтік жобалар байқауын жариялайды.
Мақсат біреу, ол – әлеуметтік саланы қаржыландыра отырып, жастардың шығармашылық және инновациялық мүмкіндігін арттыру. Бұл жобаның жас кәсіпкерлерге тигізер көмегі өте зор. Байқауға аз қамтылған отбасы балалары мен мүмкіндігі шектеулі жандарды, зейнеткерлер мен басқа да әлеуметтік санат өкілдерін қолдау бағытындағы жұмыстар қабылданады. Жобалар аймақтағы әлеуметтік-экономикалық, құқық, спорт, мәдениет саласындағы мәселелерді шешуі тиіс. Ал, саяси партиялар мен қозғалыстар, атқарушы билік өкілдері, коммерциялық құрылымдар қатыса алмайды. Грант көлемі – 100-200 мың теңгені құрап отыр. Ұсынылатын жоба үш айдың ішінде жүзеге асуы тиіс. Қосымша мәліметті 32-18-14, 35-44-60 нөмірлері арқылы алуға болады.