Жарнама
Экономика

АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚЫМБАТТАП КЕТТІ…

Аймақтағы әкімдіктің деректері бойынша, Атырауда жыл басынан бері азық-түлік бағасы 15%-ға қымбаттады. Атап айтсақ, картоп 53 , сәбіз 47, пияз 67, қырыққабат 20%-ға өскен. Ал секердің бір келісі 60%-ға дейін қымбаттаған. Қазір облыста 200 тоннадай қант бар. Аптаның соңына дейін тағы 272 тонна әкелінеді деп жоспарланып отыр. Бірақ, басқарма басшысы қанттың тапшы екендігін мойындап отыр. Сондықтан жеміс-жидек жабу науқанына деп жоғары жақтан тонналап тағы қант сұратып қойыпты.

Атырау кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабековтың сөзінше, облыс әкімдігі азық-түлік бағасын ұстап тұр. Оның сөзіне сенсек, секер маусым айында 450 теңгеге сатып алынғандықтан, сауда желілері оған 10-15 пайыз қосып, саттыққа шығаруда. Шағын азық-түлік дүкендерінде баға бөлек. Олар мораторийды пайдаланып, азық түлікке ойларына келген баға қойып отыр.

«Сатушыларды жауапқа тарту үшін, бізге шағымдар керек.Ол үшін чек жіберіп, хат жазу қажет. Атырау облыстық прокуратурсымен тексеріс тағайындалған. Тексеру тобына бәсекелестікті қорғау, статистика агенттігі, қала әкімдігі құрамы жасақталып, тексерулер жүргізілген.Соның нәтиежесінде «Идеал маркет» ЖШС азық-түлік бағаларына үстемақы қосып, 15 пайыздан асырғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылып, хаттама толтырылған», — дейді Жаңабеков.

caspianlife.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button