ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАР әлем алпауыттарының алдын орады
Сонымен қатар, рейтингке «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.», «Қазақойл-Ақтөбе», «Қарақұдықмұнай», «Жайықмұнай», «Саутс Ойл» «ҚуатАмлонМұнай БК», «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-тері мен «Мәтен Петролеум», «Кселл», «Торғай-Петролеум», «Маңғыстаумұнайгаз», «СНПС-Ақтөбемұнайгаз», «Қаражанбасмұнай», «ПетроҚазақстан» АҚ-лары енген.
«Эксперт-400» тізіміндегі компаниялардағы еңбек өнімділігі жан басына шаққанда орташа есеппен 183 мың долларды құрап отыр. Бұл Жапонияның ірі кәсіпорындарынан 3,4 есе, Батыс Еуропа мен АҚШ көшбасшыларынан 3 есе аз. Ал Ресейдің ірі компанияларындағы еңбек өнімділігі бәсекелес Шығыс Еуропа елдерінен екі есе төмен болып отыр. Сараптама агенттігі қазақстандық компаниялардың алғашқы ондықтағы алты орынды иеленуін олардың ірі шетелдік компаниялардың еншілес болып табылатындығымен байланыстырады.
Тengrinews.kz агенттігінің материалы
бойынша әзірлеген
Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ.