Автожол инфрақұрылымы дамытылуы тиіс
Мемлекет басшысы автомобиль жолдары инфрақұрылымын дамыту қажеттігіне баса назар аударды.
«Биылдың өзінде еліміз бойынша жалпы ұзындығы 11 мың шақырымнан асатын жолға түрлі деңгейдегә жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұған 600 млрд. теңгеден артық қаржы бөлінді. Жобаларды жүзеге асыру барысын қатаң бақылауға алу қажет. Жолдың сапасына айрықша назар аудару керек. Еліміздің жолдары нашар екені және жол құрылысы саласын жемқорлық жайлағаны ешкімге жасырын емес» — деді Президент.
Қасым-Жомарт Кемелұлының өзі атап көрсеткендей, басқасын былай қойғанда Ақордаға апаратын жолдың өзі жамау-жамау, құрақ көрпеге ұқсайды. Жалпы, бұл салада қордаланған мәселе көп. Тендерді жыл сайын бірді-екілі компания ғана ұтып алады. Мұндай жағдайдың қайталанып келе жатқанына ондаған жыл болды. Осының бәрін ретке келтіру үшін шұғыл шаралар қабылдайтын мезгіл жеткенін меңзеді мемлекет басшысы.
Бұған бәріміз де атсалысып, мүдделілік танытуға тиіспіз, деп есептеймін.
Самат АЙТҚАЛИЕВ,
облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы