«Ауылдағы 100 жоба»
Бүгінде ауыл кәсіпкерлігін қаржыландыруда кездесетін түйінді мәселелер аз емес. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Дияс Жәнібеков оларды тиімді шешу жолын ұсынады.
Оның айтуынша, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы жеті пайыздық жылдық мөлшерлемемен берілетін қайтарымды несие – ауыл кәсіпкерлері үшін үлкен жеңілдік. Бұл мақсатта соңғы үш жылда жергілікті бюджеттен 657 миллион теңге бөлініп, 147 жоба мақұлдан-ған. Оған қоса, өндіріске және қызмет көрсетуге бағыттал-ған жобаларға да несие қарастырылған. Тек ауыл шаруашылығы бағытындағы жобаларға несие берілмейді. Себебі, бұл бағытта басқа да мемлекеттік бағдарламалар бар. Ағымдағы жылы қосымша 150 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр. — «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында микрокредиттеуге республикалық бюджеттен 197 800 000 теңге бөлінді. Бұл «Ауылдағы 100 жоба» идеясын жүзеге асыруға септігін тигізбек. Одан бөлек, «1:1» (бір де бір) жоспары бойынша бизнес-жобаларды «Даму» қорымен бірлесіп қаржыландыру үшін 150 миллион теңге қаралуда, — дейді Д.Жәнібеков.
Нұр ИСЛАМ.