Жарнама
Экономика

АТЫРАУЛЫҚТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРЫП ЖАТЫР…

Атырауда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді.

Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Гүлболат Аманғалиева мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жәрмеңкеге 30-дан астам ірі кәсіпорын қатысады деп жоспарланып отыр.

  • — Жұмыс берушілер ұсынған вакансиялар бойынша жәрмеңке 14 қыркүйек сәрсенбі күні түске дейінгі уақытта, яғни сағат 10:00 – 13:00 аралығында «APEC» базасында өтеді. Мекенжайы Нұрсая шағын ауданы, Ел Орда көшесі, 24 ғимарат. 8(7122) 35 41 59 байланыс нөмірі арқылы қосымша ақпарат алуға болады, деді Г.Аманғалиева.

Оның айтуынша жұмыс іздеуші азамат өзімен бірге түйіндесін бірнеше дана етіп ала келуі қажет.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button