Жарнама
Экономика

Атыраудағы зауыт Америка институтының сертификатына ие болды

Атырау облысында «АтырауНефтеМаш» компаниясына АРІ 650 «Мұнай сақтауға арналған болат резервуарлар» сертификатының табысталу шарасы өтті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл — өңірдің экономикасы үшін маңызды кезең саналады, себебі мұнай-газ машина жасау саласының дамуы өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруда.

–Өткен жылы облыста 50,1 миллион тонна мұнай (95,1%) және 26,6 миллиард текше метр мұнай ілеспе газ (94,4%) өндірілді. Ал машина жасау саласы 84,5 миллиард теңгені (70%) құрады. Оның ішінде «АтырауНефтеМаш» ЖШС үлесі — 2%. «АтырауНефтеМаш» ЖШС еліміздегі алғашқы ірі габаритті мұнай-газ қондырғыларын шығарушы кәсіпорындардың бірі, — дейді Атырау облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Данияр Орынбасаров.

Атырау облысы республиканың жетекші аймақтарының бірі ретінде инвестициялар тарту бойынша үздік көрсеткіштерге ие.

–Соңғы 10 жылда жабдықтаушы серіктес ретінде біраз құрылғымен қамтамасыз етілді. Сенімді жабдықтаушымыз — Қазақстан Мұнай Газ саласына үздіксіз үлесін қосып келе жатқан күрделі құрылғылар шығаратын машина жасау зауыты. Мекемелерге демеушілік көмек көрсетеміз, — деді NCOC компаниясы басқарушы директорының орынбасары Ерлан Мұқай.

API стандартына сай сертификат өндірушінің қажетті тексерулер мен сынақтардан түгел өткенін, халықаралық сапа стандарттарына толық сәйкес келетінін білдіреді. Оған қоса әлемнің 100-ден астам елінде мұнай мен газ өндіру саласында пайдаланылатын жабдықтар мен олардың құрамдас бөліктерін сатуға мүмкіндік береді.
API 650 монограммасын қолдану аясы зауытта жасалған құрама болат табақтары мен резервуарларды қамтиды. Бұл сертификатты енгізу жұмысы 2023 жылғы ақпанда басталған еді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button