Жарнама
Экономика

Атырауда жол сапасына қатысты кемшіліктер анықталды

Атырау облысындағы республикалық автомобиль жолдарына тексеру жұмыстары жүргізілді.

Атырау облысы Полиция департаменті Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына және автожолдарда орналасқан жасанды кұрылыстарға  «ҚазАвтоЖол» АК Атырау облыстық филиалымен бірлесіп құрылған комиссия мүшелерімен бірге Махамбет, Индер, Мақат, Жылыой, Қызылқоға, Исатай, және Құрманғазы аудандарында  4-14 сәуір аралығында кешенді тексеріс зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бірлескен комиссия кұрамына Атырау облысы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы, «ҚазАвтоЖол» АК Атырау облыстық филиалы, «Атыраужолзертханасы» қызметкерлері қатысты.

Іс-сапар барысында Атырау облысы көлемінен өтетін Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына және «Нұрлы-жол» бағдарламасы бойынша қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліл жатқан «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» жолының уақытша айналма жолдарының бойында орналасқан жасанды құрылыстарға көктемгі бақылау жұмыстары жүргізіліп бірнеше кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, жол жабынының жарылуы, шұңқырлар, толқындар, жол белгілерінің бүлінуі, жол жиектерінде тұрмыстық қоқыстардың тазаланбағандығы, уақытша айналма жолдарда толқындар пайда болғаны және шаңға карсы уақытылы су себілмеуі.

Осыған орай, ҚР ӘҚБтК-нің  631 бабы 1 бөлігімен «Жолдарда жұмыстар жүргізу, жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа да жол құрылысжайларын күтiп-ұстау жөніндегі талаптарды орындамау» бойынша 2 әкімшілік хаттама және 630 бабы 1 бөлігімен «Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру» бойынша 1 хаттама толтырылды.
Кемшіліктерді жою үшін 12 нұсқама берілді.

Аман ШАМАР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button