Жарнама
Экономика

Атырауда «жергілікті мазмұнның» шеңбері ұлғайып келеді

Бүгінде бүкіл елімізде, соның ішінде Атырау облысында, жыл санап «жергілікті мазмұнның» үлес салмағы артып, аясы кеңейіп келеді.

Соның айғағындай, биылдың өзінде өңірімізде бірнеше кәсіпорын Теңіз кен орнына қажетті жабдықтармен қамтуға тапсырыс қабылдап отыр. Оның жалпы сомасы 10 миллион АҚШ долларынан асады.

Ресми дереккөздердің мәліметінше, бүгінде республикада өзін-өзі қамтитын өнеркәсіптік кластерді қалыптастыру мақсатында қабылданған ауқымды жобаларды іске асыру бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда. Ал мұндай ұтымды шешім мен батыл қадамның тек өңірлік емес, жалпы ұлттық экономиканың тұрақтанып, дамуына жол ашары сөзсіз.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мамандарының түсіндіруінше, «Теңізшевройл» компаниясы өз кезегінде жергілікті өндірушілер тарапынан жіберілген олқылықтардың орнын толтыру мақсатында құрылған IMB-орталықтың жұмысын жандандыруға қолдау көрсетіп келеді.

Нақтылай айтқанда, жұмысшы мамандардың біліктілігін көтеріп, кәсіби деңгейін арттыруды бірінші кезекке қоя отырып, жабдықтаушылар үшін экономикалық тұрғыдан тиімді әрі сенімді база қалыптастырылады.

Осы орайда мемлекет сатылатын тауарлардағы, жасалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі «қазақстандық мазмұнның» үлесін ұлғайтуға бағытталған стратегия талаптарын қатаң ұстанады. Ал жергілікті компаниялар халықаралық стандарттарға бейімделуге дайын болуы керек.

Айта кету керек, 1993 жылдан бері «Теңізшевройлдың» отандық өндірушілерден сатып алған тауарлары мен пайдаланған қызметтерінің жалпы сомасы 51 миллиард АҚШ долларына жуықтады.

Нәтижесінде, «қазақстандық мазмұнның» үлесі 70%-ға жетті. Бұл тек Атырау облысымен шектелмей, Қазақстанның бірнеше өңірінде экономиканың өркендеуіне септігін тигізгені сөзсіз.

Оған дәлел — бірлескен кәсіпорын жүргізген біліктілік бағалау нәтижесі бойынша, қазіргі уақытта отандық 16 кәсіпорын ТШО-мен тікелей жұмыс істейтін серіктестер тізіміне кіріп отыр.

Мәселен, тек биылғы жылдың басынан бері ТШО тарапынан берілген тапсырыстардың жалпы қаржылай сомасы 10,5 миллион АҚШ долларын құрады.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button