Жарнама
Экономика

Атырауда жас кәсіпкерлер жәрмеңкесі өтуде

Бүгін Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен көрме өтіп жатыр, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

 «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік грант алған 60-тан астам жас кәсіпкер көрмеде өз өнімдерін ұсынуда. Атап айтқанда, бұлар – «ЭРТРИ», «Белый квадрат», «Asma», «Кәусар», «Алмаз», «Суиесинов», «Ayas Safety», «Еңбек-Батыс», «Кушкильбаева» ЖШС.

Тігін өнімдері, қыз жасауы, арнайы мамандарға арналған киімдер, қазақи нақышта сәбилер киімі, ет және сүт өнімдері, қолөнер және тоқыма бұйымдары, ағаш, құрылыс бұйымдары, гипс өнімдері, брусчатка, нан және кондитерлік өнімдер, түрік тәттілері, полиграфия қызметтері және т.б. қойылған.

Сондай-ақ, көрмеге қатысушыларға «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба бойынша мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындары таныстырылды.

Айта кетейік, ұлттық жоба бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру бағытында кәсіпкерлерді қолдау үшін 400 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз грант берілді. Оны көп балалы аналар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар (аз қамтылған отбасылар), мүгедектігі бар адамдар мен оларды асыраушылар, асыраушысынан айырылғандар және кандастар санатына жататын адамдар ала алады.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button