
Экономика
Атырауда сұйытылған мұнай газынан тапшылық жоқ
Атырауда сұйытылған мұнай газынан тапшылық жоқ, — деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау облысының ішкі нарығына 2025 жылдың наурыз айына 7920 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді. Бұл туралы облыстық энергетика басқармасы мәлім етті.
Сонымен қатар, ішкі нарықтағы газ қажеттілігін қамтамасыз ету үшін Министрліктен қосымша 3000 тонна сұйытылған мұнай газы көлемі сұратылатын болады. Қала және аудандар бөлінісінде орналасқан 101 автогаз құю бекеттерінде сұйытылған мұнай газының аталған көлемі таратылуда. Бүгінгі күнге қалдық қоры жеткілікті және тапшылық жоқ.