Жарнама
Экономика

Атырауда көлік салығы бойынша берешек 500 млн. теңгеден асты

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 2025 жылы көлік салығы бойынша 9 мыңнан астам жеке тұлғаның жалпы берешегі 505 млн теңгені құрап отыр. Олардың ішінде 400 млн. теңгеден астамы – негізгі салық, 105 млн-ға жуығы – өсімпұл, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жыл басынан бері жүргізілген 107 рейдтік іс-шара нәтижесінде 400 азаматтан 5,2 млн. теңге өндірілген.

Меншік құқығында көлік құралдары бар жеке тұлғалар көлік салығын төлеушілер саналады. Салық мөлшері көліктің қозғалтқыш көлеміне және айлық есептік көрсеткішке сәйкес есептеледі. Қазір 2024 жылға мүлік салығына есептеулер жүргізілуде. 2025 жылғы 1 шілдеге дейін есептеулер аяқталып, пуш-хабарламалар банктік қосымшаларға жолданады. Осыған орай тұрғындарды мүлік салығын уақтында және толық төлеуге шақырамын,- деді Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Бисен Юсубалиев.

Салықты белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда алдымен хабарлама жіберіледі, одан кейін салық бұйрығы шығарылып, берешек мәжбүрлі түрде өндіріледі. Бұл процесс жеке сот орындаушылары арқылы жүзеге асырылады. Олар негізгі қарыз сомасына қоса 25%-ға дейінгі мөлшерде қосымша ұстайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button