Жарнама
Экономика

Атырауда 2,6 млн. тонна мұнай өнімдері шығарылды

Атырау мұнай өңдеу зауытының 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік қызметі қорытындылады. Зауыт 6 айдың ішінде 2,6 млн. тонна мұнай өнімдерін шығарған.

Көрсеткіштерге сәйкес қаңтар-маусым аралығында кәсіпорында 2 млн. 911 мың тонна шикі мұнай өңделді. Ал тауарлық өнім шығару көлемі 2 млн. 632 мың тоннаны құрап, өндіріс жоспары 101%-ға орындалды.

Биыл I жартыжылдықтағы мұнай өнімдерін шығару көлемі төмендегідей:

  • автобензин АИ-92 – 671 728 тонна,
    АИ-95 – 115 132 тонна;
  • дизель отыны – 878 963 тонна;
  • сұйытылған газ – 106 021 тонна;
  • әуе отыны – 95 296 тонна;
  • бензол –22 651 тонна;
  • параксилол –107 617 тонна;
  • вакуумды газойль – 184 888 тонна.

Мұнай өңдеу тереңдігі 86,6%-ды құрады. Өңделген шикізаттың жалпы көлеміндегі ашық түсті мұнай өнімдерінің үлесі – 68,6%.

Еске сала кетейік, АМӨЗ тауарлық мұнай өнімдерінің 20-дан астам түрін шығарады. Кәсіпорында өндірілетін бензин мен дизель отыны К-4 және К-5 экологиялық класс талаптарына сәйкес келеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button