Жарнама
Экономика

АТЫРАУ ЖАСТАРЫ ҮШІН ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

Бұл туралы облыстық «Отбасы Банкі» АҚ филиалының директорының орынбасары Нұрболат Батыр мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-Биыл «Отбасы Банкі» ақционерлік қоғамында бірнеше ауқымды бағдарламалар іске қосылды. Атап айтсақ, «Бақытты отбасы» және «Тұрғын үйлерді субсидиялау» жобалары жұмыс жасауда. Өткен айдың 20-сы күні бастау алған «Бақытты отбасы» бағдарламасына Республика көлемінде 24 мыңнан астам отбасы өтінім берді. Әлі де кезекте тұрған, жоба санаттарына сай келетін азаматтар онлайн түрде 19-шілдеге дейін өз өтінімдерін қалдыра алатынын айтқым келеді. Бұл бағдарламаға көп балалы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған және толық емес отбасылар қатыса алады. Сондай-ақ, мамыр айынан бастап Отбасы банкі жүзеге асырып жатқан жалдау ақысын субсидиялау бағдарламасы баспана кезегінде тұрған адамдарды көбірек қамтымақ. Осы жылдың 4 шілдесінен бастап otbasybank.kz платформасында бағдарлама талаптарына сәйкес келетін кез-келген қазақстандық субсидия алуға өтініш бере алады, деді Н.Батыр.

Оның айтуынша, банкінің тағы бір өзгерісі – әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларға қатысты. Енді жалақы, жеке кәсіпкерліктен түсетін табыс пен қызмет көрсету шарты бойынша төленетін қаражатпен қатар олар да кіріс ретінде есепке алынатын болмақ. Мәселен, жалғыз өзі асыраушы болып табылатын отағасының әйелі мен үш баласы бар делік. Ол айына 180 000 теңге алады. Табыс талабы бойынша бұл отбасы субсидия алуға құқылы. Алайда, бұл отбасы қосымша жәрдемақы алса, онда әрбір отбасы мүшесінің табысы бір күндік көнкөріс мөлшерінен жоғары болса, бұл жағдайда отбасы мемлекеттік қолдаудан қағылмақ.

Сонымен қатар, заңнамалық деңгейде бірқатар өзгертулер енгізілуіне байланысты бұрын субсидия ала алмаған қатысушылар өтініштерін қайта тапсыра алатынын атап өтті.
Н.Батыр сондай-ақ, қазіргі таңда әкімдік пен Отбасы банкі бірлесіп, 35 жасқа дейінгі азаматтарға арналған жобаның келісім шартын жасағанын жеткізді. Бағдарлама бірер айда іске қосылмақ. Қазақстандағы, соның ішіндегі Атырау жастарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін атқарылып жатқан бұл жұмысқа мемлекет тарапынан 1 млрд және банк тарапынан 600 мың теңге қаражат бөлінген.

Айта кетейік, 13-шілде күні сағат 19:00 де «Жастар саябағында» Отбасы Банкінің ұйымдастыруымен «Otbasy Open Air Atyrau» іс-шарасы өтпек. Мұнда Атыраудағы ең танымал құрылыс компаниялардың обьектілерімен және Отбасы банкі өз бағдарламаларын таныстырмақ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button