Жарнама
Экономика

Атырау облысының әкімі «сақалды» құрылыстарды сынға алды

Облыс әкімі Серік Шәпкенов мердігерлердің жұмысын сынға алды.

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Исатай ауданында құрылысы аяқталмай тұрған нысандарды аралады, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Серік Шәпкенов Аққыстау ауылындағы 60 пәтерлік 3 тұрғын үйдің құрылысымен танысты.
Бүгінде бұл үйлердің құрылысы өте баяу жүруде. Осы нысанды аймақ басшысы мерзімінде аяқтауды тапсырды.

  • — Ауылдағы 60 пәтерлік 3 тұрғын үйдің құрылысы биыл аяқталуы тиіс. Қазіргі таңда осы үйді күтіп отырған баспанасы жоқ қаншама адамдар бар. Сол себептен «Дан Строй База ЛТД» ЖШС мердігер мекемесіне тиісті тапсырмалар берілді. Аяқталмаған жағдайда мердігер мекеме заң жүзінде жауапқа тартылады, — деді Серік Шәпкенов.

Облыс әкімі осы «Дан Строй База ЛТД» мердігер мекемесі салып жатқан тағы бір нысанның құрылыс барысымен танысты. Бұл — 320 орындық кәсіптік лицей. Білім ордасы 2022 жылдың 1-қыркүйегінде пайдалануға берілуі тиіс. Бүгінде қүрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, құрал жабдықтардың 70%-ы келген. Қалған 30% заттарды маусым айында әкелуді жоспарлап отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button