Экономика
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов: “ Ауыл шаруашылығында 93 млрд теңгеге өнім өндірілді”
Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды atr.kz
“Ауыл шаруашылығында 93 млрд теңгеге өнім өндірілді. Мал басының тұрақты өсімі бар, тамшылатып суару, жаңбырлатып суару алаңдары ұлғаюда. Бүгінгі күнге облыс бойынша қажетті мал азығы дайындалды.
Облыста 18 кәсіпорын балық аулаумен және оны өңдеумен айналысуда.
Сондай-ақ, жыл басынан бері 10 мың тоннадан аса балық ауланды, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 56% жоғары. Балықтың 9 мың тоннасы өңделіп, оның 88% экспортталды”, деді М.Досмұхамбетов.