«Атырау – Астрахан» тасжолының құрылысы қашан аяқталады? (+ВИДЕО)

1596067598 Экономика

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов «Атырау – Астрахан» күре жолының құрылысына қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы ол «Атамекен» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Атырау-Астрахан күрежолы облысымыз үшін өте маңызды күретамыр, батыс қақпамыз десек те болады. Сондай-ақ бұл жолдың бойында екі ірі ауданымыз орналасқан. Олардың облыс орталығына қатынауы осы жолға байланысты. Сондықтан, бұл мәселе мен үшін өте маңызды» деді Серік Шәпкенов.

«Облыс әкімі болып тағайындалғалы бірінші басымдықты осы жол құрылысы мәселесіне берген болатынмын. 277 шақырым жолдың бүгінде 60 шақырымына асфальт төселді. Қалған 217 шақырым жол құрылысы 4 жаңа мердігерге бөлініп берілген. Осы мердігер мекемелердің жұмысын қадағалау бағытында арнайы кесте құрылды. Жалпы жоспар бойынша келесі жылы құрылыс толық аяқталуы тиіс. Алайда, халыққа ыңғайлы болуы үшін біркелкі учаскелермен жұмысы аяқталған жолдарды ашуды жоспарлап отырмыз. Жалпы асфальт үш қабаттан тұрады ғой, соның екі қабаты төселгеннен кейін жүруге рұқсат берсек дейміз және оны биыл жүзеге асыру ойда бар» деді облыс басшысы.

Құрылысы көптен тұралап қалған соң «бұл жұмыстар жақында аяқталады» дегенге көпшілік сенбеуі де мүмкін. Дегенмен, әр жұма сайын жауапты адамдардың басын қосып, жұмыс барысын бақылауға алып отырмын. Шынын айту керек, қазіргі уақытта кестеден қалыс қалып келеді. Бірақ, әр апта сайын жұмыс қарқын алып келеді. Осы бағытпен ұтылған уақытымыздың орны толады деген сенім бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз