Атырау облысының әкімі азық-түлікке қанша қаржы жұмсайтынын айтты

img 20220530 wa0091 Экономика

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов азық түлікке айына қанша қаржы жұмсайтынын айтты.

Бұл туралы одан «Атамекен» телеарнасының тілшісі  сұхбат кезінде сұраған болатын.
–    Жолдасымның айтуы бойынша Нұр – Сұлтан қаласында тұрғанымызда айына 60-70 мың теңгедей жұмсайтынбыз. Бұл сұхбаттан кейін Атыраудағы шығынды сұрап білейін, – деді аймақ басшысы. Сондай-ақ ол Мұнайлы өңірдегі баға айырмасы елордамен салыстырғанда жоғары екенін де атап өтті.

–    Азық-түлікте баға айырмасы бар, бұны мойындауымыз керек. Көп зат өндірілмегендіктен, біздегі баға сәл де болса жоғары, – деді Серік Шәпкенов.

Айта кетейік, Атырау облысының әкімі  Серік Шәпкенов жақында «Атамекен» телеарнасына сұхбат беріп, онда аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жеке басына да қатысты сауалдарға жауап берді.

«ATPress.kz»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз