
Атырау облысының әкімі азық-түлікке қанша қаржы жұмсайтынын айтты
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов азық түлікке айына қанша қаржы жұмсайтынын айтты.
Бұл туралы одан «Атамекен» телеарнасының тілшісі сұхбат кезінде сұраған болатын.
— Жолдасымның айтуы бойынша Нұр – Сұлтан қаласында тұрғанымызда айына 60-70 мың теңгедей жұмсайтынбыз. Бұл сұхбаттан кейін Атыраудағы шығынды сұрап білейін, — деді аймақ басшысы. Сондай-ақ ол Мұнайлы өңірдегі баға айырмасы елордамен салыстырғанда жоғары екенін де атап өтті.
— Азық-түлікте баға айырмасы бар, бұны мойындауымыз керек. Көп зат өндірілмегендіктен, біздегі баға сәл де болса жоғары, — деді Серік Шәпкенов.
Айта кетейік, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов жақында «Атамекен» телеарнасына сұхбат беріп, онда аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жеке басына да қатысты сауалдарға жауап берді.
«ATPress.kz»