Экономика
Атырау облысына 7300 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді
Ішкі нарықтағы газ қажеттілігі үшін министрліктен қосымша 3000 тонна газ сұралмақ. Бұл туралы Атырау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдулат Кенжебеков мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Оның айтуынша, ақпан айына жағармай бекеттеріне 7290 тонна газ жеткізілді. Өнім облыстағы 101 газ құю бекетіне таратылуда.
Айта кетейік, сұйытылған мұнай газы газ құю бекеттерінде 59-82 теңге аралығында сатылуда.
Сурет: freepik.com