Жарнама
Экономика

Атырау облысы әкімінің орынбасары ҚР Ұлттық экономика министрімен кездесті

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мұрзиев facebook әлеуметтік парақшасында жазды.

Облыс әкімінің орынбасары әлеуметтік желіде ҚР Ұлттық экономика министрі Қуантыров Әлібек Сәкенұлымен кездесіп, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын дамыту мәселесін пысықтағанын жариялады.

“Атырау облысының 2023 жылға арналған МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер лимиті 113,1 млрд.теңге, қабылдау лимиті 47,4 млрд.теңге көлемінде белгіленген.

Бүгінгі күні облыс бойынша МЖӘ аясында жалпы құны 147,9 млрд. теңгеге 58 жоба бойынша келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар, «Атырау қаласында жалпы білім беретін мектептердің құрылысын салу және пайдалануға беру», «Құлсары қаласындағы сыртқы жарықтандыру желілерінің құрылысы және пайдалану» және «Атырау қаласында орналасқан кәріздік сорғы станцияларын реконструкциялау» сынды жоспарланған жобалар бар. 

Осыған орай, Министрлікке қабылдау лимитінің жеткіліксіз болуына байланысты жоспарланған бірқатар жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік міндеттемелер лимитін ұлғайту қажеттігі туралы ұсыныс бердім”,- деп жазды Марат Мұрзиев.

Сондай-ақ кездесуде елді мекендерді дамыту мәселесі жайында да сөз болғанын алға тартты.

“Атырау облысында аталмыш министрлікпен 2023 жылы жалпы құны 21,9 млрд.теңгені құрайтын 39 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы құны 10,7 млрд.теңгені құрайтын 30 жоба, «Облыс орталықтарын дамыту» бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 5,8 млрд.теңгеге 5 жоба, «Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша жалпы құны 5,4 теңге болатын 3 жобаға қаржы бөлінді. Барлық жобалар елді мекендердің өзекті мәселелерін шешуге және тұрғындарға аса қажетті инфрақұрылымдық желілерді салуға бағытталған. Министрмен кездесу барысында Атырау облысының экономикасын әртараптандыру, кіріс көлемін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар да талқыланып, нақты ұсыныстар айтылды”, — деп жариялады Марат Мұрзиев әлеуметтік желіде.

Нұргүл Насыр 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button