Атырау мұнай өңдеу зауытының сыртқы электрмен жабдықтауында үзіліс орын алды
Кеше, 21 қыркүйекте сыртқы электрмен жабдықтау жүйесіндегі үзілістерге байланысты зауыттың жекелеген технологиялық қондырғылары тоқтатылды.
Кезінде зауыттың қалған технологиялық қондырғыларының жұмысы, сондай-ақ кәсіпорынның құбыр жүйесіндегі қысымның қажетті деңгейі АМӨЗ-дің жеке жылу-электр орталығымен қамтамасыз етілді.
АМӨЗ-дегі сыртқы электрмен жабдықтау жүйесінде болған оқиғаның себептері мүдделі тараптармен бірлесіп шешілуде.
Кәсіпорындағы жағдай бақылауда.
-Қазір зауыттың сыртқы электрмен жабдықталуы тұрақтандырылды, тоқтаған технологиялық қондырғыларды іске қосу-реттеу, одан әрі тұрақты өндірістік режимге көшіру жұмыстары жүргізілуде. АМӨЗ жинақталған қор есебінен тұтынушыларға әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерін штаттық режимде жөнелтуді жалғастыруда, — деп хабарлайды аталған зауыттың баспасөз қызметі.
Қ.ШӘКІРОВ