
Экономика
Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жерасты құбырының ақауы қалпына келтірілді
Атырау мұнай өңдеу зауытында автобензин айдауға арналған жерасты құбырының ақаулы бөлігі толығымен қалпына келтіріліп, отынның ағып кетуі жойылды.

Еске салсақ, бұған дейін №33 резервуар паркіне тауарлық бензин компоненттерін айдау желісінде зақымдану анықталған болатын. Жауапты мамандар құбырды резервуардан ажырату шараларын қабылдап, төгілген мұнай өнімі сорылып, өңдеуге жіберілді.
Оқиғаның себептері мен қабылданған шаралар туралы қосымша ақпарат арнайы комиссияның жұмысы аяқталғаннан кейін хабарланады.
«АМӨЗ» ЖШС жұмысын штаттық режимде жалғастырып, мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру және жөнелту процесі Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен жоспарға сәйкес жүргізілуде.