Жарнама
Экономика

Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары тексерілді

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әсет Мағауов Атырау мұнай өңдеу зауытына жұмыс сапарымен келіп, жоспарлы алдын алу жұмыстарының барысымен танысты.

Аталған жұмыс республика Энергетика министрлігі бекіткен жоспар-кестеге сәйкес жүзеге асуда.

Зауыт бас директоры Ғалымжан Жусанбаевтың айтуынша, бұл алдын алу іс-шаралары зауыттың технологиялық жабдықтарының, құбырларының және реакторлық құрылғыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде. Сондай-ақ, катализаторларды ауыстыру және жабдықтарды тазарту жұмыстарын іске асыру кезінде атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын болдырмау үшін жабық жүйелер қолданылады. Осы шараларға 2 мыңнан астам жұмысшы мен 70-ке жуық арнайы техника жұмылдырылған.

Мұнай өнімдерінің қоры жоспарлы жөндеу жұмыстары кезінде зауыттың қызметін үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жоспарға сәйкес, мұнай өнімдерінің қоры төмендегідей көлемде: автобензин — 30 мың тонна, дизель отыны — 15 мың тонна, әуе отыны — 6,5 мың тонна, сұйытылған газ — 500 тонна.

Әсет Мағауов зауыт қызметкерлерімен кездесуде алдын алу шараларының сапалы және қауіпсіз орындалуына ерекше мән беру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, ұжымдағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мен қолайлы жұмыс ахуалын қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Кездесу барысында «Tazalyq» экологиялық жобасы сияқты зауыт жұмысына қатысты бірқатар өзекті мәселе қарастырылды.

Қ.ШӘКІРОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button