Жарнама
Экономика

Атырау мен Италия арасындағы сыртқы сауда айналымы талқыланды

Атырау облысы мен Италия арасындағы сыртқы сауда айналымы 2,3 млрд АҚШ долларын құрайды.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Италияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Марко Альбертиді қабылдады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі арттыру, инвестиция тарту және әлеуметтік, мәдени салалар бойынша серіктестік мәселелері талқыланды.

— Жыл басынан бері Атырау облысының Италиямен сыртқы сауда айналымы 2,3 млрд АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт – 2,2 млрд АҚШ доллары. Негізгі экспорт өнімі — бұл мұнай. Осы мақсатта аймақтағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында кәсіпорындарды бірлесе жұмыс атқаруға шақырамын, деді Серік Шәпкенов.

Атырау облысында италиялық капиталдың қатысуымен 54 кәсіпорын тіркелген. Олар құрылыс шикізат және т.б. салаларда жұмыс істейді.

— Мені қабылдағаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Атырау өңіріне алғаш рет келіп отырмын. Өңірдің экономикалық әлеуеті зор екенін жақсы білемін. Осы уақытқа дейін Атырау облысындағы әріптестермен жемісті еңбек еттік. Алдағы уақытта да дәл осы бағытта жұмыс істеп, бірнеше жобаларды жүзеге асырамыз деген ойдамын, деді Марко Альберти.

Кездесу барысында аймақ басшысы тараптардың өңірлік деңгейде бірлесіп жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалғанын тілге тиек етті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button