«Атырау-Маңғыстау» мақсатты гранты белгіленді

news full15646310206f45a9e2729c7eae12c37871f6133ad0 Экономика

Биыл өңір түлектері үшін «Атырау-Маңғыстау» мақсатты гранты белгіленді.

Бұл туралы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректоры Ләйла Қойшығұлова мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. 2022-2023 оқу жылында бакалавриатқа түсу үшін 56 мыңнан астам грант бөлінген. Биылғы ерекшелік, Президенттің тапсырмасы бойынша гранттардың жалпы саны 5000-ға артып отыр. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне және жұмыс берушілердің сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпаратына сәйкес, гранттар инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына мен педагогикалық ғылымдарға көптеп бөлінген.

  • – Осы жылы «тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін арналған мемлекеттік білім беру тапсырысына» сәйкес, батыс өңірдегі екі облыстың түлектері үшін «Атырау-Маңғыстау» нысаналы гранты белгіленді. Ол бойынша Атырау облысына 4000 грант қарастырылған. Яғни, атыраулық мектеп бітіруші түлектер Қазақстанның 40-тан астам жоғары оқу орнына арнайы тізімде көрсетілген мамандықтар бойынша грантқа түсіп оқи алады, деді Л.Қойшығұлова.

Айта кетейік, елімізде 13 шілде күні білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталады. Құжаттарды қабылдау 20 шілдеге дейін жалғасады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз