Жарнама
Экономика

«Атырау» корпорациясы шығынға батты…

«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ үш жыл шығынға батқан.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Есқали Саламатов айтты. Аталған мекеменің шығыны 2019 жылы 718 млн 265 мың, 2020 жылы 779 млн 891 мың, ал, былтыр 1 млрд 55 млн 586 мың теңгені құраған.

«Мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, тәуекелі жоғары жобаларға қаражат салынып, желге ұшқан. Екіншіден, қаражатты қайтарудың әлсіз кепілдіктері де кері әсер еткен. Үшіншіден, өнімділігі төмен жекелеген департаменттердің штат санының көптігі мен функциялардың қайталануы да ықпал етіп отыр. Төртіншіден, кадрларды іріктеуде ашықтықтың болмауы, тәртіптік жаза қолданылса да, сыйақы берілуі, функционалдық міндет жүктелмеген лауазымдардың болуы (төрағаның кеңесшісі секілді) мекемені жүздеген миллион теңгеге шығынға батырған. Бірақ, бұл үшін ешкім жауап бермеген. Бәрі де тиімсіз басқаруға сілтеме жасайды, бұл дұрыс емес» дейді Е.Саламатов.

Әділет АМАНГЕЛДІ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button