Атом энергетикасы – электр қуатын өндірудің ең тиімді жолы
Ол экономикалық жағынан үнемді, әрі экологияға зияны аз. Саладағы консалтингтік француз компаниясының сарапшысы Жан-Филип Жирар осылай дейді.
Ол атом реакторларына арналған таблетканы мысалға келтіреді. Салмағы небәрі 4 грам болатын бұл зат көмірдің бір тоннасына пара-пар электр энергиясын өндіруге қауқарлы.
-Атом реакторларына арналған 4 грамдық таблетка бір жылда 250 ватт электр энергиясын өндіре алады. Салыстыру үшін айтсақ, өлшемі дәл осындай кәдімгі батарея сағатына бірнеше ватт қана бере алады. Кез келген өнеркәсіпте қалдықтарсыз болмайды. Ол қалыпты жағдай. Атом энергетикасында өндірілетін энергиямен салыстырғанда, қалдықтардың мөлшері кәдімгідей аз болады, — дейді атом саласындағы Nuc Advisor консалтингтік компаниясының сарапшысы Жан-Филип Жирар.